Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихымызға бетбұрыс жасайтын мәтіндер бар": Моңғолиядан түркі қағанының кешені табылды (фото)

Опубликовано:

Дархан Қыдырәлі
Дархан Қыдырәлі. Фото: Facebook/Дархан Қыдырәлі

Моңғолия жерінен екінші Шығыс түрік қағанатының негізін салушы, Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.

"Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды. Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды.

Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түркі және соғды жазуындағы мәтіндер бар. Баршаға құтты болсын!", - дейді ғалым жазбасында.

Дархан Қыдырәлі одан өзге ақпаратты ертең, 24 тамызда Ұланбатыр қаласында өтетін баспасөз жиынында жариялайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984485-tarixymyzga-betburys-zasaityn-matinder-bar-mongoliyadan-turki-qaganynyn-keseni-tabyldy-foto/

pixel