Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 104 адам сотталды

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасына қатысқан 104 адам сотталды
Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Полиция қаңтар оқиғасына қатысты 4600-ден аса қылмыстық істің 971-ін терген болған. 609 іс сотқа жіберілген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Қаңтар оқиғасы кезінде кейбір азаматтар ұйымдастырушылар мен арандатушылардың азғыруына еріп, қылмыс жасауға дейін барған. Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осы оқиғаларға тікелей қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмысы әлі аяқталмағанын айтты.

Полиция 4600-ден астам қылмыстық істің 971-ін тергеп болған. 609 іс сотқа жіберілді.

"Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар", - дейді ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Полиция өкілінің айтуынша, бұрын сотталмаған, оң мінезделетін және шығынды өз еркімен өтеген 421 күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, кепілмен немесе үйде қамауда ұстау сияқты бұлтартпау шарасымен босатылған.

Ал жаппай тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бүлік кезінде ұрланған 2087 қарудың қайда кеткені әлі белгісіз. Полиция бүгінгі дейін 873 қаруды тауып, тәркілеген.

Г. Сейтенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984491-qantar-oqigasy-auyr-zane-asa-auyr-qylmys-zasagany-usin-104-adam-sottaldy/

pixel