Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сот ғимараттарына "мина қойылды" (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбе көшесі
Оқиға орны. Фото: Ішкі істер министрлігі

Бүгін, 24 тамыз күні Ақтөбедегі сот ғимараттарына бірінен кейін біріне жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы хабарлама түсті. Саперлер оқиға орнында жұмыс істегенімен, ештеңе таппады. Бұл туралы ІІМ ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, 24 тамыз күні таңертең Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл әрекет ететін барлық күш дереу жетіп, жарылғыш затты іздеуге кіріседі. Көрсетілген жерлерде саперлер жұмыс істеп, ғимаратқа тексеру жүргізіледі. Барлық қажетті іс-шара өткізілді. Бірақ жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

"Көрінеу жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", – делінген ресми органның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984633-aqtobede-sot-gimarattaryna-birinen-son-birine-mina-qoiyldy-foto-video/

pixel