Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 жасар атыраулық балақай халықаралық шахмат фестивалінде ересек балаларды жеңіп, жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Абдумалик Қайратқа Мейірім Қалауи 200 мың теңгенің сертификатын табыстауда
Абдумалик Қайратқа Мейірім Қалауи 200 мың теңгенің сертификатын табыстауда. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атырауда 8 күнге созылған халықаралық шахмат фестивалі аяқталды. Оған 9 елден 300-ден астам шахматшы қатысты. Атыраулық 4 жасар Абдумалик Қайрат фестивальдің ең жас шахматшасы атанып, 200 мың теңге сертификаттың иегері атанды. Оны жас шахматшыға қала әкімі Мейірім Қалауи табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Atyrau Chess Festival-інде Абудмалик Қайрат 14-15 жастағы жасөспірімдермен ойын өткізіп, 3 партияны жеңіспен аяқтаған.

Анасы Диана Ержанованың айтуынша Абдумалик жарты жылдан бері шахмат секциясына барады. Осы уақыт ішінде бірнеше турнирге қатысып үлгерген.

"Мұндай үлкен масштабтағы жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз. Балама шахмат ойнаған ұнайды. Аптасына екі рет шахмат секциясына барады, кешкілік уақытта әкесімен шахмат ойнайды. Шахматтан бөлек, робототехника, жүзу, хип-хоп секцияларына және ағылшын сабағына барады. Балабақшадан гөрі баламызды осындай секцияларға жазуды жөн көрдік",- дейді Диана Ержанова.

Абдумалик Қайрат
Абдумалик Қайрат анасымен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, Атырауда алғаш рет өткен халықаралық шахмат фестивалін Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ұйымдастырды.

Фестивальдің жүлде қоры 13 257 500 теңгені құрады. Шараға қатысушылар АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей елдерінен келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984671-4-zasar-atyraulyq-balaqai-xalyqaralyq-saxmat-festivalinde-eresek-balalardy-zenip-zurtty-tangaldyrdy/

pixel