Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, аптап ыстық: Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Ауа райы болжамы
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал Алматыда найзағай ойнайды. Бейсенбі, 25 тамызға арналған болжамды "Қазгидромет" РМҚ ресми сайты жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр жауып, күн күркірейді, ал термометр бағаны +24...+26 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтанда бүгін жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +23...+25 градус жылы, желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады.

Сондай-ақ шымкенттіктерді де шуақты ауа райы күтіп тұр – мұнда ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін жылынады. Қала тұрғындарына желдің 8-13 м/с күшеюі ескертіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984685-naizagai-aptap-ystyq-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel