Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда саяжай өртеніп, 36 жастағы ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Павлодарда өртенген саяжай
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан екі техника мен 11 қызметкер барған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Басылымының хабарлауынша, 24 тамызда сағат 04.14-те "101" желісіне Виноградная көшесі, 17 мекенжайы бойынша "Ертіс" саяжайында өрт шыққаны туралы  хабарлама түскен. 

"Қолданыстағы саяжай аумағында 30 шаршы метр кірпіштен қаланған бір қабатты саяжай толығымен жанып, 20 шаршы метр аумақта шатыры жартылай опырылғаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі барлау барысында 1986 жылы туған ер адамның денесін тапты", - дейді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау капитаны, бас маман Нұржан  Совет.

Сондай-ақ құтқарушылар шатырдан сыйымдылығы 27 литрлік бір газ баллонын шығарған. Ал саяжайдың иесі, 1961 жылы туған азаматша № 1 қалалық ауруханаға жатқызылған.

Басылым мәлім еткендей, тексеру іс-шаралары барысында анасы мен баласының Павлодар қаласында Бектұров көшесінде тұратыны және иелігінде саяжай учаскесі бар екені анықталған.

"23 тамыз күні пәтерде тарақандардан залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты үй иесінің ұлы 1986 жылы туған ер адам саяжайға барған. Анасы шамамен сағат 19:00-де пәтерде залалсыздандыруды аяқтап, саяжайға барған кезде ұлының мас күйде отырғанын көрген. Қолында екі бөтелке сыра болған. Сағат 21:00 шамасында анасы ұйқыға жатқан", - дейді Нұржан Совет.

Әйел адам 24 тамызда шамамен таңғы сағат төртте айғайлаған дауысты естіп, оянып кеткенде бөлмеден перде мен тұрмыстық заттардың өртеніп жатқанын көрген.

Өрттің шығу себебі мен  келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984687-pavlodarda-sayazai-ortenip-36-zastagy-er-adam-qaza-tapty/

pixel