Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында үйі өртенген жалғызбасты әке 5 баласымен далада қалды

Опубликовано:

Бекболат Баязитов
Бекболат Баязитов, жалғызбасты әке. Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Павлодар облысында жалғызбасты әке 5 баламен далада қалды. Үйі осыдан 8 ай бұрын жанып кеткен Бекболат Баязитов ауылдан қалаға көшіп келген. Пәтер жағалап күн көрген ол енді барар жер таппай жүр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Бекболат Баязитов - 5 баланың әкесі. Әйелі 4 жыл бұрын қайтыс болған. Содан бері балаларын бір өзі асырап жүр. Өткен жылы оған Ақтоғай ауданының әкімдігі үй беріпті. Алайда, қыс ішінде баспанасынан өрт шығып, күлге айналған.

"Қаңтардың 26-сы күні балалар сабақта болды. Мен өзім тоғайға ағашқа кеткенмін. Үйіңіз жанып кетті деп қоңырау соқты. Келсем үй толық өртеніп кетіпті. Ішінде түк жоқ", - дейді Бекболат.

Телеарна хабарлағандай, содан бері жалғызбасты әке балаларымен бірге ағайын-туысын паналап күн көрген. Қалаға келіп, жұмыс істеп жүр. Алайда тапқан таянғаны азық-түлік пен балаларының киімінен аспайтынын айтады. Күні кеше оны жалға алған пәтерінен де шығарып жіберіпті. Көпбалалы әке қайда барарын білмей дал.

"Балаларыма бір баспана болса, содан басқа ештеңенің керегі жоқ. Сол бір баспанам болса, әрі қарай бірдеңе қыламын. Келіншегім қайтқалы жалғыз өзім осыларды көтеріп келемін. Одан басқа ештеңе керек жоқ", - дейді жалғызбасты әке.

Бұл ретте телеарнаға аудан басшылығы жалғызбасты әкенің тағдырынан хабардар екенін айтып, пікір білдірген. Жергілікті билік отбасына қолдан келгенше көмек жасағанын айтқан.

"Өрттен кейін демеушілік қаражат есебінен үйді жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінде осы үй тұруға дайын. Баязитов Бекболатқа үйге кіруге болады деген ұсыныс бердік. Бірақ ол кісі аудандық тұрғын комиссиясына арыз жазып, ол үйде тұрмаймын деп бас тартты", - дейді аудан әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова.

Бекболаттың балаларының үлкені - студент. Кішісі биыл бірінші сыныпқа бармақ. Алайда дәл қазір Бекболат үшін оқудан бұрын баспана бас қайғы болып отырған көрінеді. Сондықтан жалғызбасты әке қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Бекболат Баязитовтың байланыс нөмірі:

8 707 738-42-11

Авторы: Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984692-pavlodar-oblysynda-uii-ortengen-zalgyzbasty-ake-5-balasymen-dalada-qalgan/

pixel