Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көгершін саны күрт артты: Мамандар одан төнетін қауіпті атады

Опубликовано:

Көгершін1
Көрнекі фото: piqsels.com

Орнитологтар мен дәрігерлер Алматыда көгершін санының күрт өскеніне алаңдаулы. Мамандар бұл құстардың ауыр дерт тасымалдаушысы екенін ескертеді. Ал мегаполисте олардың санын ешкім реттеп жатқан жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, соңғы жылдары Алматыда көгершіндердің саны жүз мыңдап саналады. Мамандар құстардың қала инфрақұрылымына үлкен зиян келтіріп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретінін ескертуде.

Еуропа елдерінде оларды тіпті "қанатты егеуқұйрықтар" деп те атайды, өйткені олар әр түрлі инфекциялардың 90-ға жуық қоздырғышының тасымалдаушысы деп есептеледі. Әрбір құс кем дегенде трихомониаз немесе орнитозбен ауырады.

Осы орайда дәрігерлер қала тұрғындарына құстарды қоректендірмеуге және мүмкіндігінше олардан аулақ жүруге кеңес береді. Өйткені адам көгершіндерге жем шашу үстінде қандай да бір инфекция жұқтыру қаупі бар. Мысалы, орнитоз ауруына шалдығуы мүмкін.

Құстардың өзі тағам талғамайды, көбіне қаладағы қоқыстардан қоректенеді. Сондықтан, орнитологтардың айтуынша, көгершіндерге жақын жүру қауіпті.

Ал дәрігерлер көптеген аурудың ауа арқылы таралатынын алға тартуда. Әсіресе 3 жасқа дейінгі балалардың инфекция жұқтыру қаупі жоғары.

"Көгершіндер шатырларда, кеміргіштер бар жерлерде өмір сүреді, сондықтан олар кеміргіштердің нәжістерін табандарымен басады. Осылайша олар инфекцияны таратады", - дейді орнитолог Василя Салахова.

Ал биолог Сергей Скляренко Алматыдағы көгершіндердің санын бақылауға алудың уақыты жетті деп есептейді. Маман құстардың көбеюі эпидахуалға қауіп төндіруі мүмкін деген пікірде.

"Көгершіндер бірқатар қиындық туғызады. Біріншіден, көгершіннің нәжісі ескерткіштерді бұзады. Яғни, көгершіндерге шектеусіз жем бере беруге болмайды, өйткені одан зиян шегеміз", - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қолданбалы биология орталығының директоры Сергей Скляренко.

Телеарна хабарлағандай, еуропалықтар көгершіндерден туатын қиындықты ерте түсініп, шара қабылдаған. Жұқпалы ауруларды тасымалдау қаупіне байланысты бұл құстарға "ұшатын егеуқұйрықтар" деген лақап ат берілген. Көптеген қалада тіпті құстарды тамақтандыруға тыйым салынған. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Мәселен, Парижде 180 еуро (83 мың теңге), Лондонда – 200 фунт (109 мың теңге), Венецияда – 600 еуро (276 мың теңге).

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984712-almatyda-kogersin-sany-kurt-artty-mamandar-odan-tonetin-qauipti-atady/

pixel