Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әуежайында "ұшақта бомба бар" деп айқайлаған жолаушы ұсталды

Опубликовано:

Әуежай
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорда әуежайында мас жолаушы "ұшақта бомба бар" деп айқайлап, жалған хабар берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ қарасты ведомстволық порталдың хабарлауынша, 21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында Turkish airlines әуе компаниясының "Нұр-Сұлтан – Анталья" әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет "ұшақта бомба" деп айқайлағаны туралы хабарлама түскен.

Осыдан кейін әуе борты мен әуежайдың стерильді аймағына дереу тексеру жүргізілген.

"Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Басылым мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984736-elorda-auezaiynda-usaqta-bomba-bar-dep-aiqailagan-zolausy-ustaldy/

pixel