Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да із-түзсіз жоғалған студентті полиция төртінші күн іздестіруде

Опубликовано:

жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы студент төртінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қаласында тұратын 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали 21 тамыз күні шамамен сағат 12.00-де Ақжайық ауданы Базаршолан ауылынан 8 шақырым жердегі Қыдырбай қыстағынан шығып кеткен.

Содан бері үйіне оралмаған. Полицияға туыстары 22 тамыз күні шағым түсірген.

"Бойы 160-170 см, арықша келген, шашы қара, қысқа, дөңгелек жүзді. Үстіне қара түсті спорттық киім, көк аяқ киім киген. Бұрын кетпеген. Ұялы телефонын үйге қалдырып кеткен", - деп хабарлады ведомстводан.

Студентті көрген-білген жан болса, 8-702-924-05-84, 8-702-378-02-66 телефонына хабарласуы сұралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984766-bqo-da-iz-tuzsiz-zogalgan-studentti-policiya-tortinsi-kun-izdestirude/

pixel