Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлікте кілттеніп қалған 1,5 жасар бала құтқарылды

Опубликовано:

Құтқарушылар құлыптанып қалған көлікті ашуда
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атыраулық құтқарушылар көлікте кілттеніп қалған 1,5 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, 25 тамыз күні сағат 08.28-де Атырау қаласының Геолог шағынауданындағы Б.Ермұханов көшесінен шақырту келіп түскен.

Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар 1,5 жастағы баланың көлікте кілттеніп қалғанын анықтаған. Көліктің жанында сәбидің анасы болған.

"Құтқарушылар баланың анасынан уайымдамауын өтініп, көлікті қарап, авариялық-құтқару құралдарының көмегімен салонның есігін ашты. Бала аман-есен анасына тапсырылды. Жағдайы жақсы болғандықтан медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Осы орайда Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды аса сақ болуға, балаларды көлікте жалғыз қалдырмауға және кілттерді көлік ішінде қалдырмауға шақырды.

Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері оқыс оқиға болған жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласу қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984788-atyrauda-kolikte-kilttenip-qalgan-15-zasar-bala-qutqaryldy/