Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда": Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Опубликовано:

10 мың теңгеліктерді қолмен санауда
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияға қаржы салуға шақырғандарға сенбеуге керектігін айтты. Компанияның мәліметінше, мұндай схеманы алаяқтар қолданады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Олар халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарын қаржысын қандай-да бір инвестициялық жобаларға салуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығына көз жеткізіңіздер.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды", - делінген ұлттықа компания хабарламасында.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, ұлттық компания құқық қорғау органдарына жүгінген және аталмыш фактілер бойынша Нұр-сұлтан полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.

"Маусым айынан бастап тергеу жүріп жатыр. Барлық қазақстандықтан қырағы болуды сұраймыз, компания қызметі туралы барлық ақпарат біздің ресми сайтымызда қолжетімді. Тек ресми дереккөздерге жүгінулеріңізді сұраймыз", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984802-munai-men-gaz-satyp-mol-paidaga-keneluge-saqyruda-elimizde-alayaqtyqtyn-zana-turi-paida-boldy/

pixel