Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметшінің жатқызылғаны рас па

Жарияланған күні:

әскери
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Орал қаласындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметшінің жатқызылғаны туралы ақпарат таралуда. ІІМ Telegram-дағы өзінің ресми POLISIA.KZ арнасында хабарлауынша, бұл ақпарат жалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ІІМ аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Ұлттық ұланның "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметіне сілетем жасап мәлім етті.

"Қазіргі уақытта Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр.

2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының ҚІД-нен 2022 жылдың маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлы Орал қаласының дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді.

Содан кейін ол "Облыстық психикалық денсаулық орталығына" "бейімделудің бұзылуы" алдын ала диагнозымен жатқызылды", - делінген Ұлттық ұланның "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство жауынгер дәрігерлердің бақылауында болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984892-oraldagy-oblystyq-psixikalyq-densaulyq-ortalygyna-10-askeri-qyzmetsinin-zatqyzylgany-ras-pa/