Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ТМД бойынша такси құны қымбат ел болып шықты

Опубликовано:

Такси
Көрнекі фото: Pexels.com

ТМД елдері арасында ең қымбат такси құны Қазақстанда екені белгілі болды. Бір жылда елдегі такси қызметі 11 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Такси қызметі арзан елдердің рейтингінде Қазақстан 105 елдің ішінде 13-орында тұр. Елдегі бір шақырымға жеткізудің стандартты құны 0,35 доллар", – делінген хабарламада.

Бірақ ТМД елдері бойынша Қазақстан такси бағасы ең қымбат елдердің бірі болып есептеледі. Бұл көрсеткіш бойынша алда тек Әзербайжан тұр. Мұнда 1 шақырымға жеткізу құны – 0,59 доллар. Салыстыру үшін айтсақ, Беларусь пен Өзбекстанда тариф 0,2 доллар болса, Украина мен Молдовада – 0,22 доллар, Арменияда – 0,25 доллар, ал Ресейде – 0,3 долларды құрайды.

Ең арзан такси құны Пәкістанда (0,19 доллар) тіркелсе, такси ең қымбат ел – Швейцария. Мұнда бір шақырым үшін 4,02 доллар төлейді, одан кейін Кувейт (3,25 доллар) пен Сальвадор (3 доллар) тұр.

Хабарламада еліміздегі такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі де көрсетілген. Биылғы қаңтар-шілде айларында олардың жалпы табысы 2,59 миллиард теңгені құраған. Өткен жылы сәйкес кезеңдегі кіріс 2,45 миллиард теңге болған.

Такси қызметін ең көп пайдаланатын өңір Қарағанды ​​облысы (1,08 млрд теңге) болса, одан кейін елорда (641,4 млн теңге) және Алматы (431,2 млн теңге) қалалары көрсетілген.

"Жыл басынан бері 1,3 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 10,9 пайызға артық. Биылғы шілде айының қорытындысы бойынша елімізде бір жыл ішінде таксимен жүру құны 10,5 пайызға қымбаттаған.

Өңірлік тұрғыда бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді. Мұндағы такси құны бір жылда 28,2 пайызға көтерілген. Екінші және үшінші қатарда Алматы және Атырау облыстары тұр: тиісінше 28,1 пайыз және 19 пайыз", – деп жазады energyprom.kz.

Ал такси құны Ақмола облысында бар болғаны 0,5 пайызға көтерілген. Тағы екі облыста – Ақтөбе мен Қарағандыда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984976-qazaqstan-tmd-boiynsa-taksi-quny-qymbat-el/

pixel