Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

кофе ұстаған ару
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың батыс және оңтүстік аудандарында шуақты және ыстық ауа райы сақталады.

Еліміздің қалған аумағындағы найзағай ойнап, жаңбыр жауып және жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал.

Сондай-ақ алдағы тәуліктерде күндіз ауа температурасы Қазақстанның батысында +31+39°С шегінде сақталаса, солтүстік-батысында +23+34°С болады.

Елдің солтүстігінде сынап бағанасы +17+22°С-тан +20+25°С-қа дейін аздап көтерілсе, орталығында +23+31°С-тан +18+28°С-қа дейін ауытқиды.

Ал шығыста керісінше +20+30°С-тан +13+23°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде +25+37°С, оңтүстік-шығысында +20+32°С жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984979-sinoptikter-aldagy-us-kunde-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/