Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған азамат: Енді тіпті мереке күндері де алаңға шықпаймын

Опубликовано:

Семейдегі жаппай тәртіпсіздік
Семейдегі жаппай тәртіпсіздік. Видеодан кадр: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметі қаңтардағы тәртіпсіздіктің 4 қатысушысына қатысты үкім шығарды. Сотталғандардың бірі өз ойымен бөліскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, сотта қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушылардың төртеуі де кінәларын мойындаған. Олар екі жылдан төрт жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Соттан белгілі болғаны - олар WhatsApp пен Telegram желісі арқылы тұрғындарды белсенді түрде алаңға шығуға шақырған.

"Бұл жағдай үшін қатты өкінемін. Мен көпшілікпен бірге болдым және оның салдары туралы тіпті ойламадым. Бұл менің басты қателігім. Мен бұл қателікті енді ешқашан жасамаймын деп қорытындыладым. Енді мен тіпті мереке күндері де алаңға бармаймын. Менің ата-анам бар, мен үшін олардың тағы уайымдап, жылағанын қаламаймын", - дейді 23 жастағы сотталған азамат.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Өскемен мен Семейде жаппай тәртіпсіздіктер орын алған болатын. Оған кемінде 3 мың адам қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985000-qantar-oqigasynan-keiin-sottalgan-azamat-endi-men-tipti-mereke-kunderi-de-alanga-syqpaimyn/