jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Ұлы дала жорығы": Елімізде тұңғыш рет 12 күндік аламан бәйге ұйымдастырылмақ (видео)

Жылқы1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елімізде тұңғыш рет қашықтығы 1200 шақырымнан асатын "Ұлы дала жорығы" атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Ведомство басшысы жаңа жобаны видеоүндеу арқылы көпшілікке таныстырды.

"Елімізде тұңғыш рет қашықтығы 1200 шақырымнан асатын "Ұлы дала жорығы" атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге жобасын қолға алдық. Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі "Париж Дакарымыз немесе Тур де Франсымыз" болады деп үміттенемін. Жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамын", - делінген министрдің жазбасында жаңа жоба жайлы.

Марафоншылар мәреге 12 күн ішінде жетуге тиіс.

Доданың толық шартын бейнеүндеуден немесе qazanat.com сайты арқылы білуге болады.

"Ұлы дала жорығы": Елімізде тұңғыш рет 12 күндік аламан бәйге ұйымдастырылмақ (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.