Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда Қопа көліне батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақмола облысында құтқарушылар Қопа көлінде суға батып бара жатқан адамды жағаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 21.00 шамасында Көкшетау қаласы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мас күйінде шомылып жүрген адамды құтқарған.

Ол жағадан 10 метрге дейін алыстап кеткен екен.

№1 құтқару бөлімшесінің басшысы Мәулен Жолдығұлов, бас құтқарушылар Қазбек Ысқақов пен Дархан Асқарұлы уақыт жоғалтпай дереу суға батқан адамды жағалауға шығаруға кіріскен.

Құтқарылған ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

"Суда немесе жағалауда, суда жүзу кезінде спирттік ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь тепе-теңдік сезімін, қозғалысты үйлестіруді және өзін-өзі бақылауды нашарлатады", - дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985069-koksetauda-qopa-koline-batyp-bara-zatqan-er-adam-qutqaryldy/

pixel