Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, көшпелі бұлт: Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар бүгін, 27 тамызда елордада жаңбыр жауып, жел соғады деп болжайды. Ал қалған екі мегаполисте жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктертердің болжамынша, Нұр-Сұлтанда найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз термометр бағаны +25...+27 градусты көрсетсе, түнде +9...+11 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Мамандардың айтуынша, бүгін елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Алматыда сенбі жауын-шашынсыз өтеді, көшпелі бұлт шығады. Қалада күндіз +26...+28 градус жылы болады, түнде ауа температурасы +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Қатты жел болмайды, оның жылдамдығы небәрі 2-7 м/с жетеді.

Ал Шымкентте бүгін күн ашық болады, аздап бұлтты болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +31...+33 градусқа дейін көтерілсе, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985071-naizagai-kospeli-bult-bugin-elimizdin-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel