Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсуда тоғыз адамның саунада жаппай улануы бойынша эпидемиологиялық тексеру басталды

Опубликовано:

Монша
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы Ақсу қаласында тоғыз адам саунада хлордан уланып қалғаннан кейін эпидемиологиялық тексеру басталды. Үш оқушы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жергілікті басылымының мәліметінше, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 24 тамыз күні таңертең саунада үш отбасының демалғанын анықтаған. Ал кешкі сағат 20.30-да олар қалалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жүгінген. Барлығында хлордың уытты әсерінің белгілері болған.

"Өтініш берген науқастардың айтуынша, олардың барлығы Ақсу қаласында орналасқан саунада болған. Олар құрамында хлор бар заттардың өткір иісін байқаған. Балалар көздерінің ауырсынуына, жас ағуына, ринореяға, тамақ пен бас ауруына шағымданған соң ата-аналары дәрігерлердің көмегіне жүгінген, - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, кеше, 26 тамызда Павлодар облысының Ақсу қаласында 9 адам, оның ішінде 5 бала саунадағы хлордан уланып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985079-aqsuda-togyz-adamnyn-saunada-zappai-ulanuy-boiynsa-epidemiologiyalyq-tekseru-bastaldy/

pixel