Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында екі ауыл әкімі мен бір шенеунік жауапқа тартылды

Опубликовано:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысындағы әдеп жөніндегі кеңес Тереңкөл ауданында атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған екі ауыл әкімін, сондай-ақ ауданның экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысын жауапқа тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Павлодарда өткен әдеп жөніндегі кеңес отырысында Шарбақты аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Равиль Гумаровтың ісі қаралған.

"Есілбай ауылындағы клубтың құрылысына былтыр 130 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме жұмысты уақытында әрі талапқа сай орындамаса да, ақысы төленген", - деп жазады басылым.

Осыдан кейін Тереңкөл ауданының екі ауыл әкімі - Бобровский ауылдық округінің әкімі Руслан Умаров пен Жағалау ауылдық округінің басшысы Ренат Құланбаев жауапқа тартылған.

Олардың елдімекен ішіндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны, бірақ жұмыстың өзі аяқталмағаны анықталған.

Басылым мәліметінше, бұл шенеуніктер мердігердің эскроу шотына бюджет ақшасын негізсіз аударған.

Басқарма үш мемлекеттік қызметшіге де қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту беруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985098-pavlodar-oblysynda-eki-auyl-akimi-men-bir-seneunik-zauapqa-tartyldy/

pixel