Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау темір жол вокзалында ер адам сөмкесінде бомба бар екенін айтты

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орны. Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында ер адам теміржол вокзалының полиция бөлмесіне келіп, сөмкесінде бомба барын айтқан. Полиция вокзалдан 37 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат 10:20 шамасында Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Маңғыстау станциясының темір жол вокзалының полиция бөлмесіне белгісіз азамат келіп, сөмкесінде жарылғыш құрылғы бар екендігі туралы айтқан.

Аталған дерек бойынша Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны ұсталған.

"Оқиға орнына желілік полиция бөлімінің басшылығы, кезекші прокурорлар шықты. Аумақты қоршау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды, теміржол вокзалының аумағы қоршалды, сондай-ақ полиция қызметкерлері автожолдарды уақытша жауып тастады. Аумақты тексеру барысында сөмкеден жарылғыш заттар табылған жоқ", - деп жазады ведомстволық медиа-портал.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985105-mangystau-temir-zol-vokzalynda-er-adam-somkesinde-bomba-bar-ekenin-aitty/

pixel