Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айынан бастап Қазақстаннан Вьетнамға тұрақты әуе рейсі ашылады

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл 10 қазанда Камрань – Алматы бағыты бойынша Vietjet Air әуе компаниясының алғашқы рейсі ашылады. Рейстер Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен ұшатын болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram арнасы хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фам Тхай Ньы Май және Vietjet Air әуе компаниясының өкілі Нгуен Чи Таммен кездескен. Кездесу барысында Вьетнам тарапы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға дайындығын білдірген.

"Биыл 10 қазанда Камрань – Алматы бағыты бойынша Vietjet Air әуе компаниясының алғашқы рейсін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар авиакомпания Камрань қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына рейстер ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен ұшатын болады", - делінген комитет хабарламасында.

Ведомство қазіргі уақытта Vietjet Air әуекомпаниясының Қазақстан аумағында шетелдік авиатасымалдаушы ретінде аккредиттеуден өтуге дайындалып жатқанын атап өткен. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңызы зор екенін алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985113-qazan-aiynan-bastap-qazaqstannan-vetnamga-turaqty-aue-reisi-asylady/

pixel