Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар дизель отыны бойынша заң бұзушылықтар туралы қайда шағымдана алады

Опубликовано:

Дизель отыны
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Энергетика министрлігі мен ірі жанармай құю станциялары тұтынушыларға қолдау көрсету желісін құрды. Енді қазақстандықтар дизель отынына қатысты шағым-ұсыныстарын ведомствоға жанармай құю бекеттерінен жолдай алады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Орталық мемлекеттік органмен кері байланыстың бұл түрі азаматтарға елдегі жанар-жағармай құю станцияларындағы заң бұзушылықтар туралы Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді", - дейді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ Энергетика министрлігінің сенім телефонына оператор бекітілген, ол келіп түскен барлық өтініштерді қадағалап, талдайды.

"Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заң бұзушылық фактілері тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға беріледі", - деп толықтырды министрлік.

Министрлік қазақстандықтарды жанармай құю стансаларының заң бұзушылықтары немесе жанармайдың заңсыз сатылуы туралы хабарлауға шақырды. Тұтынушыларға қолдау көрсету желісі стационарлық және ұялы телефондар, сондай-ақ мессенджерлер арқылы қол жетімді.

Call-орталық:

  • қала телефоны: +7 (7172) 78-69-55;
  • ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31;
  • Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985164-qazaqstandyqtar-dizel-otyny-boiynsa-zan-buzusylyqtar-turaly-qaida-sagymdana-alady/

pixel