Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жаңа қант зауыты салынуы мүмкін

Опубликовано:

қаптағы қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов қант саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Жиында Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесі де сөз болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ауыл шаруашылығы министрлігіне Павлодар облысының әкімдігімен, "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, өңірде қант қызылшасы өндірісінің көлемін кеңейту шараларын қабылдап, Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтасын", - дейді үкімет басшысы.

Одан бөлек премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды толық көлемде орындауды;

Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен, "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен кредит беру мәселесін пысықтауды;

Сауда және интеграция министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтау тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985184-pavlodar-oblysynda-zana-qant-zauyty-salynuy-mumkin/

pixel