Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытаймен шекарадағы автомобильді өткізу пункттері 30 тамызда жұмыс істемейді

Опубликовано:

Қалжат Алтынкөл өткізу кеден бекеті
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі, 30 тамыз күні Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуіне қатысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізуді жүзеге асырмайды", – делінген ресми хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985246-qytaimen-sekaradagy-avtomobildi-otkizu-punktteri-30-tamyzda-zumys-zasamaidy/

pixel