Жексенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК 28-шы тамыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде бұлтты дегенмен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985248-zeksenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/