Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан көмек": желіде кезекті жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

жалған ақпарат
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда. Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Порталдың мәліметінше, желіде тараған жалған хабарламаға сәйкес, "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады.

Порталдың жазуынша, мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы.

желіде тараған жалған хабарлама
Скриншот: stopfake.kz

Айта кетейік, елімізде президент тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық әлеуметтік қор бар.

Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.

Бұған дейін қазақстандықтарға "Қазақстан халқына" қоры "қызметкерлерінің" атынан да қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл алаяқтардың ісі екенін мәлімдеп, ақпаратты жоққа шығарған еді.

"Қазақстан халқына" қоры қаржылық көмек көрсетпейді. Азаматтардан қауесеттерге сенбеуге және алаяқтық ұйымдар тарапынан арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Қор қызметкерлері СМС-код сұрамайды. Алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеулеріңізді және 1414 нөмірінен келіп түскен кодтарды үшінші тұлғаларға айтпауларыңызды өтінеміз.

Сондай-ақ қор мессенджерлер арқылы видео-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz сайты (сайтқа сілтеме профильде ұсынылған) және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі арқылы ғана қабылданады, сол жерде пайдаланушы өз өтінішінің мәртебесін де біле алады", – дейді "Қазақстан халқына" қорының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985261-toqaev-atyndagy-aleumettik-qordan-komek-zelide-kezekti-zalgan-aqparat-tarady/

pixel