Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше өрт қаупі: Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жарқырап тұрған күн
Көрнекі фото: Pexels.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жариялады. Кейбір аудандарда әлі де төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

29 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус ыстық сақталады. Ертең күндіз Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дүйсенбі күні Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Осындай болжам 29 тамыз күні Абай ауданына да қатысты айтылды.

29 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтілуде.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

29 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985297-totense-ort-qaupi-qazaqstannyn-birqatar-aimagynda-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel