Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 100 адамға азайды
Опубликовано:

Коронавирус бойынша 2022 жылғы 28 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-арнасында жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 445 жағдайы тіркелді.
Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 388 021 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 77;
Алматы қаласында - 45;
Шымкент қаласында – 0;
Ақмола облысында – 67;
Ақтөбе облысында – 16;
Алматы облысында - 5;
Жетісу облысында - 5;
Атырау облысында - 10;
Шығыс Қазақстан облысында - 5;
Абай облысында - 11;
Жамбыл облысында - 4;
Батыс Қазақстан облысында - 28;
Қарағанды облысында - 61;
Ұлытау облысында - 0;
Қостанай облысында - 48;
Қызылорда облысында - 3;
Маңғыстау облысында - 9;
Павлодар облысында - 27;
Солтүстік Қазақстан облысында - 23;
Түркістан облысында - 1.
Еске салсақ, бұған дейін 27 тамызда 547 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді, ал 26 тамызда 617 адамның дертті жұқтырғаны анықталды. Ослайша коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап азайып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985315-elimizde-otken-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-100-adamga-azaidy/