Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан ұшақтың екі қозғалтқышына құстар соғылды (фото)

Опубликовано:

Алматы халықаралық әуежайындағы ұшақ
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып келе жатқан "Эйр Астана" ұшағы қонуға жақындағанда оның екі қозғалтқышына құстар соғылды. Бұл туралы әуетасымалдаушының ресми Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада айтылғандай, Airbus A320 әуе кемесі 28 тамыздан 29 тамызға қараған түні KС955 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан. Ұшақ қонуға жақындаған кезінде кеменің екі қозғалтқышына да құстар соғылды. Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Ұшақ қалыпты режимде қонды. Ұшудан кейінгі тексеру қозғалтқыштарға құстардың кіріп кеткенін растады", – деп хабарлады әуе компаниясы.

Air Astana ұшағы
Фото: Air Astana әуекомпаниясының Telegram-арнасы

Естеріңізге салайық, осыдан бір-екі апта бұрын Атырау – Алматы бағытында ұшқан ұшақта да осындай оқиға орын алған еді. Яғни ұшу кезінде кеменің қозғалтқышына құс кіріп кеткен болатын. Соған байланысты келесі рейсті кейінге шегеруге тура келді.

Кейінірек құс әуе тасымалдаушының басқа ұшағының қанатын зақымдады. Яғни құспен соқтығысу салдарынан ұшақтың қанаты майысып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985327-almatydan-nur-sultanga-usqan-usaqtyn-eki-qozgaltqysyna-qustar-sogyldy-foto/

pixel