Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке күні еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

тамыз айы
Көрнекі фото: Pixabay.com

Бүгін, 30 тамызда Қазақстанның үш мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Барлық қалада күн жылы әрі шуақты болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ.

Мереке күні Нұр-Сұлтанда күн шайдай ашық болады. Күндіз +27...+29 градус жылы, түнде ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с.

Алматыда да жауын-шашынсыз жылы күн күтіледі. Күндіз термометр бағаны +28...+30 градусты көрсетсе, түнде +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Метеорологтардың болжамы бойынша, бүгін Шымкентте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз +33...+35 градусқа дейін ыстық, түнде ауа температурасы +17...+19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985362-konstituciya-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel