Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыдағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болған. Шеру кезінде 24 жастағы әскери қызметшінің жүрегі ұстап қалған.

"Медицина мамандары оған бірден көмек көрсеткен, сонымен қатар жедел жәрдем шақырды. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша әскери қызметшінің өлімінің себебі панкреонекроздан болуы мүмкін.

"Әскери қызметшінің есімі Елсұлтан болатын. Ол ешқашан денсаулығына шағымданбады. Жыл сайын медициналық тексеру жүргізілді - бұл міндетті шара. Биыл ол 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін медициналық тексеруден өтуі керек еді. Сол күні әскери қызметшінің көңіл күйі жақсы болды, қызметті күшейту күндерінің алдында практикалық сабақтарға қатысты. Ол кәсіби маман болатын, оны қызметте жоғарылатуды жоспарлап отырған едік", - дейді подполковник Жанат Омаров басылымға білдірген пікірінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985377-qaragandyda-askeri-qyzmetsi-qaitys-boldy/