Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 9 және 7 жасар екі бала жүк пойызымен көрші ауылдағы әкесіне қашып кетпек болған

Опубликовано:

пойыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында 7 және 9 жастағы екі ұл бала әкесіне бару үшін үйден қашып кеткен. Олар көрші ауылға жүк пойызының үстіне мініп жетпек болған. Алайда қатты жүріп бара жатқан пойыздан қорыққан балалар жолда секіріп түсіп қалған. Балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 29 тамыз кешкі 22.40-та көлік полицейлеріне Жамбыл облысында тұратын 53 жастағы шопаннан хабарлама келіп түскен. Ер адам Тамды-Талас аралығында жүк пойызының вагондарының үстінен кәмелетке толмаған екі баланы байқағанын айтқан. Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кіріскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 40 минут ішінде 9 жасар баланы Билікөл ауылының маңынан, ал оның 7 жасар інісін Жұма ауылы маңындағы темір жол жанынан тапты. Балалар Талас аудандық орталық ауруханасына жатқызылды", - делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ тексеру кезінде кәмелетке толмаған балалардың Қаратау ауылында анасымен бірге тұратыны анықталған.

"29 тамыз күні олар Жамбыл облысы Тамды ауылындағы әжесіне қонаққа барған. Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарған. Ата-анасы ажырасып кеткен. Балалар Тамды стансасында тоқтап тұрған жүк пойызының соңғы вагонына шығып алған. Жолда жүк пойызы жылдамдық ала бергенде, балалар қорқып, Жұма стансасы маңында секіріп түсіп қалған", - дейді ведомстводан.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі (Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985386-zambyl-oblysynda-9-zane-7-zasar-eki-bala-zuk-poiyzymen-korsi-auyldagy-akesine-qasyp-ketpek-bolgan/

pixel