Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 облыста аптап ыстық: Жаздың соңғы күнінде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күзгі орман
Көрнекі фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 31 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағында бұлтты, десе де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985415-7-oblysta-aptap-ystyq-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel