Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі құрылымындағы кәсіпорын басшысы пара алу кезінде ұсталды

Опубликовано:

Пара алу фактісі
Көрнекі фото: Pixabay.com

СҚО-да Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" ШЖҚ "Еңбек-Қызылжар" РМК филиалында жемқорлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram арнасы.

Ведомство хабарлауынша, 2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін аталған мекеме басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталған.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды", -делінген жазбада.

Ведомствода өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985503-iski-ister-ministrligi-qurylymyndagy-kasiporyn-bassysy-para-alu-kezinde-ustaldy/

pixel