Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда рейдерлік жолмен алынған болуы мүмкін миллиондаған доллар мен 19 қымбат көлік тәркіленді

Опубликовано:

тәркіленген қаражат
Видеодан кадр: ҚМА ресми Telegram арнасы

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram арнасы.

Агенттік мәліметінше, биыл 14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялаған.

Одан бөлек Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланған.

Ведомство мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданғанын атап өтті.

"Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды", - делінген хабарламада.

Сот санкциясы арқылы

  • 9 млн долларға жуық қаражат
  • зергерлік бұйымдар
  • күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі,
  • 19 қымбат көлік тәркіленген.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық процессуалдық Кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985538-almatyda-reiderlik-zolmen-alyngan-boluy-mumkin-milliondagan-dollar-men-19-qymbat-kolik-tarkilendi/

pixel