Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсалады

Опубликовано:

Алматы
Алматы әкімдігі. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімдігінің өртенген ғимаратын қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спикердің айтуынша, жобаны әзірлеу екі кезеңмен жүзеге асқан.

"Үш павильон бойынша бірінші кезеңнің жобалық-сметалық құжаттарын әзірледік. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны шамамен 13 миллиард теңгені құрайды. Ең үлкені - төртінші павильон, оның жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз, қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алдын ала құны шамамен 4 млрд теңгені құрайды. Барлығы ғимаратты қалпына келтіруге 17 млрд теңге жұмсалады", - деді Ұлан Оңалбаев.

Сондай-ақ спикер ғимараттың іші мен сыртын қалпына келтіруде бұрынғы келбеті барынша сақталынатынын атап өткен.

"Конструкция мүмкіндігінше жеңілдетіледі, бірақ ғимараттың сыртқы келбеті сақталады", - деді әкімдік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985554-almaty-akimdiginin-gimaratyn-qalpyna-keltiruge-qansa-qarazat-zumsalady/

pixel