Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы алып тасталғаны рас па

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілерде жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдерге берілетін қосымша төлем алып тасталғаны жайлы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметінше, желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді.

"Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардан бастап ел президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25 пайызға өседі, сәйкесінше лауазымдық жалақыға байланысты төлемдер де пропорционалды түрде өседі", - деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге көмек көрсетілетіні туралы жалған ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985575-mugalimderge-tolenetin-qosymsa-ustemaqy-alyp-tastalgany-ras-pa/