Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күздің алғашқы күнінде еліміздің мегаполистерінде қандай ауа райы болады

Опубликовано:

Жүрек ойылған күзгі жапыраақ
Көрнекі фото: Pixabay.com

Бүгін, 1 қыркүйек күні Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өзекті ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда +29...+ 31 градус ыстық болады деп күтілуде, желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін жетеді.

Елорда тұрғындарына аптап ыстық болатыны ескертіледі, термометр көрсеткіштері мұнда +32...+34 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, елордалықтарға желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін күшейетіні ескертіледі.

Шымкенттіктерді бүгін одан да ыстық ауа райы күтіп тұр. Яғни ауа температурасы мұнда +34...+36 градусқа дейін ысиды. Үшінші мегаполисте де желдің күшеюі секундына 8-13 метрге дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985591-kuzdin-algasqy-kuninde-elimizdin-megapolisterinde-qandai-aua-raiy-bolady/

pixel