Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектеп демалысының жаңа кестесі жарияланды

Опубликовано:

Соңғы қоңырау
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларда демалыс айтарлықтай қысқа болады: егер бұрын балалар кемінде 30 күн демалса, енді демалыс кезеңі 25 күнге ғана созылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мектеп демалысының жаңа кестесін "Хабар 24" телеарнасы жариялады.

Енді мектеп оқушыларына арналған күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін жалғасады. Қысқы демалыс уақыты да біршама қысқарған: олар тек 8 қаңтарға дейін созылады.

Көктемде демалыс 18-26 наурыз аралығында болады. Ал жазда балалар тура үш ай, яғни 1 маусымнан 31 тамызға дейін демалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов оқу жылының мерзімін 31 мамырға дейін ұзарту себебін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985597-qazaqstanda-mektep-demalysynyn-zana-kestesi-zariyalandy/

pixel