Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Шетелден көлік әкелудің заңсыз жолдарын кесу үшін нақты шешімдер қабылдау керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елге көлік кіргізу мәселесін көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Мемлекет басшысы оларды заңдастырудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көліктерді кіргізудің заңсыз жолдарын кесу үшін нақты шешімдер қабылдау керек. Сонымен қатар осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерге қатысты мәселені реттеу керек.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс", - деді президент.

Оған қоса мемлекет басшысы интеграциялық кедендік бақылау тәсілін енгізуді ұсынды.

"Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985672-prezident-setelden-kolik-akeludin-zansyz-zoldaryn-kesu-usin-naqty-sesimder-qabyldau-kerek/

pixel