Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналу міндетін алға қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік қуатын арттыру туралы мәселені көтерді. Президент қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналғанын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр.

Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек", - дейді мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, елдің транзиттік ахуалын жақсарту үшін әлемдік логистикалық компанияларды тарту жоспарда бар.

"Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді.

Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. "Қазақстан теміржолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады", - деп мәлімдеді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985687-prezident-alemdik-manyzy-bar-kolik-tasymal-torabyna-ainalu-mindetin-alga-qoidy/

pixel