Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі

Опубликовано:

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек.

Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасауда. Парламент палаталарының бірлескен отырысына ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985695-endi-zastarga-zenildetilgen-tartippen-zyldyq-osimi-25-paiyz-bolatyn-sagyn-nesie-beriledi/

pixel