Тоқаев елдегі барлық судьяның мәртебесін теңестіруді тапсырды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі сот жүйесі мен судьялар лауазымына қатысты бірқатар өзгерістер орын алмақ. Бұдан былай барлық деңгейдегі судьялардың мәртебесі теңестірілетін болады. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.

Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек", - деп атап өтті президент.

Тоқаевтың сөзінше, сот торағасы лауазымы судья болып өзгермек. Ал сот төрағасы мен Сот алқасының төрағасын сайлау арқылы тағайындау қолға алынады. Бұл Жоғарғы сот судьяларына да қатысты болмақ.

"Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын.

Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет", - деп мәлімдеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985717-toqaev-eldegi-barlyq-sudyanyn-martebesin-tenestirudi-tapsyrdy/