Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі ұзартылатын болды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз.

Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек бүгінгі жолдауында президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шешіп алуға болмайды.

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985731-elimizde-bala-kutimi-usin-tolemaqy-toleu-merzimi-uzartylatyn-boldy/

pixel