Түркістан облысының жаңа әкімі байлығы туралы қауесетке қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Түркістан облысының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды парламент отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап беріп, өзіне қатысты кейбір қауесетке және жаңа қызметі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дархан Сатыбалды парламентке президент жолдауын тыңдау үшін келген.
"Көңіл-күй жақсы. Түркістан облысы халқының игілігі үшін жұмыс істейміз. Ол - менің туған өлкем, мен сонда туып-өстім. Сол өңірдің дамуына, екі есе емес, 10 есе жауаптымын. Мен сол өңірде еңбек еттім, өстім. Онда жақсы жұмыстар атқарылды деп есептеймін, біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, барлық қабылданған бағдарламалар бойынша жұмыс жалғасады", - деді ол журналистерге.
БАҚ өкілдері Дархан Сатыбалдыға облыс тұрғындары арасында оны өте бай адам деп санайтындар барын атап өткен. Журналистер әкімнен осыған байланысты пікір білдіруін сұраған.
"Менде ондай байлық жоқ. Басында қиындықтар болып жатса, біз қазақтар оның туысы қайда, ағасы-әпкесі қайда деп сұрап жатамыз. Мен өзім көпбалалы отбасынанмын, алты ұл, алты ұлдың бесіншісімін, інім бар. Алты ұлдың ішінде мен ғана мемлекеттік қызметтемін, қалғаны кәсіпкер.
Кәсіпкерлікпен айналыссам, бәрін тастап, бизнеспен айналысу керек. Мен фирмалар туралы жазбаны оқыдым. Әр қазақ отбасы осындай болсын. Әр қазақ бай болсын. Мен тек қуанамын, бұдан артық ештеңе айта алмаймын. Олар менің жұмысыма (бауырлары-ред.) ешқашан араласқан емес, тендер туралы әңгіме болмайды. Бауырларым тендерге қатыспайды", - деп сендірді Түркістан облысының жаңа әкімі.
Еске сала кетейік, 31 тамызда Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985753-turkistan-oblysynyn-zana-akimi-bailygy-turaly-qauesetke-qatysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.