Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: күдікті ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысының "Шөлдала" шекара бөлімшесіндегі жауынгер өліміне қатысы болуы мүмкін күдікті қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы басылымға Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

Ведомствоның хабарлауынша, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгер Мираш Д.Б. өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланып, салдары зардапқа әкеліп соқтырған) тергеліп жатыр.

Басылым дерегінше, қылмыстық істі Ішкі істер министрлігі Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Тараздың мамандандырылған тергеу соты оны қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды", - деп хабарлаған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық блогер Бибігүл Рамазанның Жамбыл облысындағы әскери бөлімде тағы бір атыраулық сарбаз көз жұмғанын желіде хабарлағанын жазған болатынбыз.

"Астана" арнасының хабарлауынша, марқұмның денесі түнгі ондар шамасында шекара заставасының атқора маңындағы жем-шөп сақтайтын қоймадан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985790-zambyl-oblysynda-atyraulyq-zauyngerdin-olimine-qatysy-boluy-mumkin-kudikti-ustaldy/

pixel