Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы өспейді: Министрлік неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы өспейді. Яғни, зейнетке шығу жасы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді.

Министрлік бұған дейін мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакетін ұсынғанын атап өтті.

Солардың бірі - әйелдердің зейнет жасын жоспар бойынша арттыруды 2023 жылдан бастап тоқтата тұрып, 61 жас деңгейінде қалдыру туралы ұсынысы.

Министрліктің түсіндірмесіне сай, бұл шешім коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсер еткенін ескере отырып қабылданған.

"Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шараларды қабылдау көзделеді. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985885-2028-zylga-deiin-aielderdin-zeinetke-sygu-zasy-ospeidi-ministrlik-nelikten-mundai-sesim-qabyldanganyn-tusindirdi/

pixel