Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "Арқар" көпірі бірнеше күнге жабылады

Опубликовано:

Арқар көпірі
Көрнекі фото: contrast.astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тұрғындарға қаладағы "Арқар" көпірінің үш күнге жабылатынын ескертті. Бұл туралы елорда әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2 қыркүйек күні сағат 20:00-ден бастап 5 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін "Арқар" (М-1) көпірі және Б. Момышұлы даңғылы мен Р. Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы торап жөндеу жұмыстарына байланысты толықтай жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептелісті айналып өту үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген қала тұрғындарына арналған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985887-elordada-arqar-kopiri-birnese-kunge-zabylady/

pixel